Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

0 110

Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Akorda.kz сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Қазақстан астанасында өтетін «Орталық Азия – Ресей» мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірді. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жолдауында айтқан ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырып келе жатқан үкіметтердің тиімді өзара іс-әрекетін атап өтті.

Екі ел басшысы тұрақты жұмыс байланысын жалғастыруға келісті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.