Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекет қамқорлығынан ешкім тыс қалмайды

0 2  143

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарына, қандастардың, шетелдіктердің және ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз көмек түрінде беріледі. Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамту шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға), ал шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамту шараларына және қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың міндетті қатысу шартымен оларға ай сайын біржолғы көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
Атаулы әлеуметтік көмекті алудың негізгі шарттарының бірі – отбасындағы еңбекке қабілетті адамның жұмыстан бас тартпауы. Яғни атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасында еңбекке жарамды азаматтар болса, ол адам жұмысқа тұрып, әлеуметтік келісімшарт жасалады. Атаулы әлеуметтік көмек алып жүріп, ұсынылған жұмыстардан бас тартқан жағдайларда көмек бүкіл отбасына тоқтатылады.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгіну қажет және «Электрондық үкімет» веб-порталы, «egov.kz» жеке кабинет арқылы да өтініш бере алады.
Аталған заңға сәйкес, биылғы жылы Үлгілі ауылдық округі бойынша 32 отбасындағы 188 адамға шартты ақшалай көмек, 3 отбасындағы 15 адамға шартсыз ақшалай көмек көрсетілді. Ал Дихан ауылдық округі бойынша 18 отбасындағы 100 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілсе, оның ішінде 16 отбасындағы 92 адамға шартты ақшалай көмек, 2 отбасындағы 8 адамға шартсыз ақшалай көмек берілді.
Атаулы әлеуметтік көмек ақшалай көмектен басқа отбасындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қоюға, тұрғын үй көмегін көрсету, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, мүгедектерді әлеуметтік оңалту шараларына, мұқтаж азаматтарға арнаулы қызметтер көрсету, скрининг тексеруден өту сияқты көмектер көрсетіледі.
Ағымдағы жылы шартты ақшалай көмек тағайындалған отбасындағы Үлгілі ауылдық округі бойынша 33 отбасындағы еңбекке жарамды 14 адам жұмыспен қамту жәрдемдесу шараларына, атап айтқанда, 6 адам тұрақты жұмысқа, 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, Дихан ауылдық округі бойынша 16 отбасындағы еңбекке қабілетті 2 адам тұрақты, 2 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Айнұр Избасова,
Байзақ ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.