Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мектептерде хиджаб киюге рұқсат етілсін»: Нұртас Адамбай петицияны қолдауға шақырды

0 305

Мектептерде қыздардың орамал тағуына рұқсат етілуі керек. Продюсер әрі актер Нұртас Адамбай осылай деп мәлімдеді. Ол осы бағытта құрылған петицияны қолдауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Петицияны Айтмағамбетов Ж. есімді азамат 22 тамыз күні құрған. Екі күн ішінде оған 7 мыңға жуық адам қол қойып үлгерген.

«Достар, мектептерде орамал тағуға рұқсат ету туралы петицияға қол қою өте маңызды. Біздің елдің заңына сәйкес, Қазақстан азаматтарының діни сеніміне шектеу қоюға ешкімнің құқығы жоқ.
Орамал тағу – Аллаға сыйынудың көрінісі. Дін жолындағы адамдардың құқығын қалыпқа келтіруге барлығымызда мүмкіндік бар»,   –  деді Адамбай.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.