Тараз қаласы білім бөлімінің №66 орта мектебінде «ДоStar» жазғы сауықтыру және еңбек лагері ұлттық құндылықтарды насихаттауға, оларды бала бойына сіңіртуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асырып келеді.
Мектеп директоры Фарида Шортанбекова барша лагерь балаларына жақсы демалыс тілеп, білім беру кеңістігін кеңейту мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараларға белсене атсалысуға шақырып, белсенді болуларына тілектестік білдірді.
Лагерьде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатымен киіз үй жабдықталды. Жас толқынға жарасымды тәрбие беретін лагерь қазақ халқы тұрмысы, салт-дәстүрлері, ұлттық мәдениеті атмосферасына ену, патриоттық сезімдерді, туған жерге деген сүйіспеншілікті дамытуды көздейді. Лагерьдің алғашқы күні «Бауырсақ Fest», «Kurtfest»: ұлттық тағам фестивалі ұйымдастырылып, «Кітап бағы» кітап алмасу және оқылған шығармаларды талқылау шарасы өтті. «Кітап бағы» кітап алмасу және оқылған шығармаларды талқылау шарасына жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан қонаққа келді.
Лагерь оқушылары ғылым мен білімнің түрлі салаларын біріктіретін «SPECTRA» жобасы аясында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту мақсатында лагерь топтарының оқушылары аспан әлемінің негізгі элементтерімен танысып, Күн жүйесінің ғаламшарларының ерекшеліктері жайлы білімдерін ортаға салды. «Қай ғаламшар?», «Формуланы тап», «Бұл қай шама?» ойындары арқылы физикалық білімдерін де пысықтады.
Сонымен қатар ұлттық рухты ұлықтаған жарқын кездесулер де өтуде. Көкпар спортының даңқты өкілі, Қазақстан Республикасының спорт шебері, бірнеше мәрте ел чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы Құрманбек Тұрғанбекұлымен тағылымы мол кездесу өткізілді. Чемпион өз өмір жолы, спорттағы жетістіктері мен жеңістерге жету жолындағы қажырлы еңбегімен бөлісті. Жастармен ашық сұхбат жүргізіліп, мотивациялық кеңестер берілді.
Ал 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай педагогикалық ұжым мен оқушылар бір мезетте ҚР Гимнін орындап, арнайы флешмоб түсіріп, барша қауымға маңызы зор мерекеге орай құттықтау жолдады.
Жазғы мектеп лагері аясында 7-сынып оқушыларының қатысуымен ерекше форматтағы «КітапFest» атты фестиваль өтті. Бұл күн балалар үшін тек білім мерекесі емес, сонымен қатар шығармашылық пен қиял әлеміне саяхатқа айналды. Шара барысында оқушылар өздері сүйіп оқыған әдеби шығармаларға арнап креативті «кітап-торттар» дайындады. Әр тәтті туындының артында тұтас бір әлем мен көркем образ жасырынғандай әсер қалдырды. Балалар өз жұмыстарын қорғап, сол шығарманың мән-маңызын, идеялық мазмұнын көпшілікке әсерлі жеткізе білді. Фестиваль аясында өткен
Қазақ өнерінде бойындағы дарынымен, талантымен, шеберлігімен көрерменді мойындатқан саңлақтар аз емес. Мектеп жанындағы «ДоStar» жазғы сауықтыру, еңбек лагерь балалары К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі, Қазақ өнерінің қайраткері, мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мадина Сағымбековмен жүздесті. Кездесу барысында әнші оқушылардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, жүрек түкпірінен бұлқына шыққан шынайы ойларымен бөлісті, өлең айтты.
« Юрта-Star» бағдарламасы аясында орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен танымдық керемет кездесу өтті. Мектеп оқушылары үшін бұл кездесу шабыт сыйлаған сәт болды. Оқушылар көрнекті тұлға – Сейсекүл Исматовамен жүздесіп, оның шығармашылық жолы, ғылымға қосқан үлесі, бала тәрбиесіне деген көзқарасы туралы көп мағлұмат алды. Кездесу барысында Сейсекүл Молдабекқызы өзінің балалық шағы, білім жолындағы талпыныстары және қазақ әдебиеті мен тіліне деген сүйіспеншілігі жайлы әңгімелеп берді.
Сонымен қатар мектеп жанындағы лагерь оқушылары журналист Нұрадин Рақай және Маржан Рақаймен, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Толқын Нұрбековамен кездесіп, салиқалы сұхбат құрды. Балалар өз жүрек түкпіріндегі армандары туралы ой қозғап, ізгі тілектерін білдірді.
Ерсұлтан НҮСІПЖАНОВ,
№66 орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Тараз қаласы