Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мейірімнің» мейірімі таусылмайды

0 344

Облыста 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Мейірім» жобасы іске асырылуда.

«Мейірім» жобасының тұжырымдамасы бойынша облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар облыстағы мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындардың басшыларына, бизнес өкілдеріне бекітілген.
Жобаның мақсаты:
– Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй және басқа да әлеуметтік кепілдіктерді алудағы құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
– «Отбасы банкі» АҚ-дағы балалардың есеп-шотын толықтыру үшін, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге қайырымдылық ұйымдардың, меценаттардың, қоғамның назарын аудару.
– Сонымен қатар бекітілген демеушілердің тарапынан балаларға өз жылулықтарын көрсету және мейірімдерін бөлу.
Мақсатты қадамдар:
– Тараз қаласы мен аудан, округ әкімдері өзіне қарасты аймақта осы топтағы балалардың нақты санын білу, тыныс- тіршілігімен таныс болу;
– тұрғын үй қатынастары туралы заңнамада белгіленген тәртіппен пәтер алуын қадағалау (комиссияда қаралуын, квотаға сәйкес пәтер бөлінуін қамтамасыз ету);
– жоба аясында бекітілген демеушілер тарапынан есеп-шоттарына мерзімді қаражат аударылуын, отбасы құрған жағдайда әлеуметтік қолдауды жалғастыруды, оқуын аяқтаған жағдайда жұмыспен қамтылуын қадағалау.
– Тараз қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын секторы арқылы тәрбиелеуге берілген балалар саны – 463, оның ішінде:
– Қамқоршылық және қорғаншылықтағы балалар саны – 358;
– Патронаттық тәрбиеде – 77;
– 2 қабылдаушы отбасында – 11;
– 4 отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде 18 бала тәрбиеленіп жатыр.
2023 жылы бөлініс кестесі қайта дайындалды. «Мейірім» жобасы бойынша «Отбасы банкінде» 435 баланың арнайы есеп-шоттары ашылған. Ал 28 балаға есеп-шот ашылу жұмыстары жүргізілуде. Себебі бұл балалар жақын уақытта қорғаншылыққа алынған. Қазіргі таңда демеушілер қарастырылуда.
«Отбасы банкінде» есеп-шоттары ашылған 435 балаға (қорғаншылық пен қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, отбасы үлгісіндегі балалар үйі, қабылдаушы отбасындағы) әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 120 демеушімен жұмыстар жүргізілді.
Бүгінгі күні «Мейірім» жобасы аясында «Отбасы банкінде» ашылған шоттарына бекітілген мемлекеттік мекемелер (білім беру мекемелері) демеушілігімен 10 миллион 110 мың теңге қаражат аударылған.

Тұрар Мекен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.