Қалалық қоғамдық-саяси газет

Медицина саласына үлкен мән берілді

0 288

Пандемия басталғалы бері әлемдегі және Қазақстандағы жағдай оңай емес екендігін бәріміз көріп отырмыз. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға үлкен басымдық берді. Осы орайда елімізде коронавирустың алдын алу және емдеу бойынша кешенді шаралар қолға алынатын болады.

Президент атап көрсеткендей, Қазақстан вакцина жасаған бірнеше елдің қатарында. Бұл біздің медицина және биоинженерия саласындағы ғалымдардың әлеуетін көрсетті. Індеттің алдын алу үшін екпе салудың маңызы зор. Бұл ретте облысымызда ауқымды шаралар қолға алынып, вакциналау кешенді түрде іске асырылды.
Пандемия аясында экономиканың дамуы тоқтамау керек. Бүкіл денсаулық сақтау саласы тұрақты екпе салу жүйесіне дайындалуы қажет. Сонымен қатар еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылатын болады. Тағы бір маңызды мақсат – зертханалардың халықаралық стандарттарға сәйкес жарақтандырылуына Мемлекет басшысы үлкен көңіл бөлді. Пандемия салдарынан ысырылған жоспарлы емдеу мен ота жасау процестерін және скринингті алдағы уақытта тоқтатуға болмайтыны айтылды.
Еліміздің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық фармацевтиканың дамуына серпін берілетін болады. Дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғылардың үлес салмағын 17 пайыздан 2025 жылы 50 пайызға жеткізу бойынша үлкен әрі маңызды мақсат белгіленді. Сондай-ақ денсаулықты сақтау және иммунитетті күшейту арнасында бұқаралық және балалар спортын дамытуға көңіл бөлінетін болады.
Құнды құжат медицина жүйесінің дамуын арттыруды және халық денсаулығын қамтамасыз етуді күшейтері анық.

Даулет Ахметбеков,
облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.