Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Медеу Оспанбеков – қала әкімі аппаратының басшысы

0 67

Медеу Айдарханұлы Оспанбеков Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Медеу Оспанбеков 1991 жылы 25 мамырда Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген.

Білімі – жоғары.  Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін 2013 жылы «Құқықтану» және 2016 жылы «Информатика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «Жамбыл-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жөндеуші болып бастаған. 2011-2013 жылдары – «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметінің инспекторы, 2013-2014 жылдары  – Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2015 жылы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының бизнес аналитигі, 2016-2019 жылдары – Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы,  2019 -2024 жылдары – Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы, 2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.