Қалалық қоғамдық-саяси газет

«МашАллаһ». Күйеуге шыққан Айжан Байзақова хиджаб киетінін мәлімдеді

0 1  248

Танымал блогердің өзінің осындай ниеті туралы айтқаны желі қолданушылары арасында қолдау тапты, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіде Айжан Байзақованың «орануға ниет қылып жүрмін» деп айтқан видеосы тарады. Желі қолданушылары кезінде жалаңаштанып клубтарда билеген атышулы блогердің бұл қадамына қуанып, оны барынша қолдап жатыр.

«Айжан сырттай да, іштей де өзгеріп жатыр. Күйеуіне рахмет», «Құдай барлық күнәңді кешіреді», «Күйеуі қыздың кезіндегі жаман жағын қабылдады, енді мынандай жақсы жаңалық», «МашАллаһ, иман нұрын берсін», «Оған оранған жарасар еді», «Жарайсың», — деген мағынада жазылған барлық дерлік пікір.

Айжан Байзақова
Күйеуге шыққан Айжан Байзақова хиджаб киетінін мәлімдеді
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.