Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мас күйде көлік басқарған 14 жүргізуші анықталды

0 326

Жамбыл облысының аумағында 26 қарашадан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Мақсаты – көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу.
Рейдтік жұмыстар барысында 824 қараусыз қалған үйлер мен саяжайларды аралау жұмыстары жүргізілді. Профилактикалық есепте тұрған 1 200-ден астам адамның тұрғылықты жері тексерілді. Сондай-ақ полицейлер 380 жалдамалы пәтерлер мен көп адам шоғырланатын жерлерді тексерді. 19 қылмысты ашты. Сонымен қатар есірткіні заңсыз сақтау мен тасымалдаудың бес дерегін және атыс қаруын заңсыз сақтаудың үш дерегін анықтады.
Жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 1 626 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде масаң күйінде автокөлікті басқарудың 14 дерегі анықталды. Ұсақ бұзақылық бойынша 124 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда алкоголь өнімін ішкені үшін – 134, тыныштықты бұзғаны үшін – 10, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргені үшін – 68, тіркеусіз жүргені немесе құжатсыз тұрғаны үшін 333 азамат жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасын бұзғаны үшін – 28 және көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 29 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында полицейлер жылдамдықты асырудың 330 дерегін, қарсы жолаққа шығудың екі дерегін, жаяу жүргіншілер жолағынан азаматтарға жол бермеудің 54 дерегін, көлік құралын жүргізу куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік басқаруының бес дерегін және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 324 дерегі анықталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.