Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Марат Шибұтов: Қазақстанда қайта өңдеуге жарамды 56 млрд тонна металлургия қалдығы бар

0 78

V Ұлттық құрылтай мүшесі Марат Шибұтов совет заманында шала игеріліп кеткен кеніштер мен үйінділерді қайта өңдеуге рұқсат беретін заң нормасын қабылдауды ұсынды.

– Бізде тау-кен металлургиясы көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақытта көп мөлшерде қалдық қордаланды. Аршылған күйі жатқан тау жыныстары, байыту қалдықтары, иесіз кеніштер және т.б. толып жатыр. Бірақ ол қалдықтар пайда болған кездің мүмкіндіктері шектеулі болатын. Қазір басқа заман, технология өзгерді. Бұрын қалдық деп есептелген заттар қазір қалыпты әрі жақсы шикізат болып саналады. Біздің елде ондай қалдықтар өте көп. Шамамен 1600-1700 нысан болса, жиынтығы 56 миллиард тонна кен деген сөз. Оның ішінде 8 миллиард тонна кен байыту қалдықтары иесіз жатыр, – деді Марат Шибұтов.

Айтуынша, қазір мұның бәрін кәдеге жаратуға болады.

– Бәрінен металл балқыта аламыз. Ең әуелі түрлі-түсті және бағалы металдар балқытуға болады. Мұнша ресурс неге пайдаланылмай жатыр? Өйткені олардың 67,7 пайызы жеке меншіктің де, мемлекеттің де иелігінде емес. Иесі белгісіз. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі шұғыл түрде осы қорларды түгендеп, пайдалануға мүмкіндік беретін заңнамалық базаны әзірлеуі керек. Бұл жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамытуға қуатты серпін береді. Ал моно қалалардағы иесіз үйінділер мен кен байыту қалдықтарынан, кем дегенде, құрылыс материалдарын өндіруге болады, – деді Ұлттық құрылтай мүшесі.

inform.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.