Қазақстандық әнші-композитор Марат Омаров Нью-Йорк қаласында жеке көнцертін өткізді. Шығармашылық кеш АҚШ-тың 9 штатында ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әнші әрі композитор Марат Омаров АҚШ-тың президенті Джо Байден ұйымдастыратын қайырымдылық концертіне қатысып, пандемия кезінде ерекше танымалдыққа ие болған «Коронавирус, кет» әнін ағылшын тілінде орындайды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Филадельфия қаласында алғаш рет Қазақстанның мемлекеттік туы көтеріледі. Ал Нью-Йорк, Майами, Сан-Франциско, Хьюстон және Нью-Джерси қалаларында мерекелік іс-шаралар өтеді.
Омаровты Қазақстандағы АҚШ елшілігі арнайы шақыртқан. Әнсапар желтоқсанның 28-іне дейін жалғасады. Әнші шетелде жүрсе де қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
“Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын. Еліміз әрдайым ынтымақтастықты, достықты қолдайды. Мен сонау Қазақстаннан келіп отырмын. Жаңа ғана Нью-Джерси штатынан Нью-Йоркқа келдім. Жайна, Қазақстан, алға, Қазақстан!”, — дейді Марат Омаров.
Концерт екі сағатқа созылды. Онда жиырмаға жуық ән орындады. Ол «Шарықта Қазақстан», «Анашым», «Әке арманы», «Қыз сыны», «Ынтымақ», «Күннің нұры» атты хит әндері бар. Марат репертуарындағы екі бірдей әнін ағылшын тіліне аударып айтып шықты.