Қалалық қоғамдық-саяси газет

Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі болды

0 264

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі мәліметінші, Марат Бекетаев премьер-министр Әлихан Смайыловтың кеңесшісі болып тағайындалған.

Бұған дейін Марат Бекетаев жаңа әділет министрі Қанат Мусинге жұмыста табыс тілеп, жазба жариялағаны хабарланған болатын.

Марат Бекетаев 2016 жылдан бастап Қазақстанның Әділет министрлігін басқарған. Сондай-ақ, әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.