Қалалық қоғамдық-саяси газет

Марқұм анасына ән арнаған Ақбота-Нұр елді жылатты (видео)

0 4  921

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет марқұм анасына деген сағынышын әнмен жеткізді. Өнер иесі «Таңғы хабар» эфирінде «Анаға сағыныш» әнін орындап, жанкүйер жандарды жылатты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнді орындау барысында Ақботаның көңілі босап, көзіне жас алып қалды. Әріптесінің толқығанын көріп, әріптесі Шерхан оған қолдау білдірді.

Ал эфирді тамашалаған жанкүйерлер тобы Ақботаның әнін тебірене тыңдағандарын атап өтіп, оған қолдау сөздерін білдірді.

«Ән керемет, орындауы тамаша. Жүрегім қақ айырылғандай болды ғой тыңдап отырып», «Мен жыладым, өте әдемі орындау, рахмет саған сіңлім», «Жүрегіңнен сенің айналайын, бағың ашылсын», «Барлық аналар аман болсын», «Анаңдай болатын ене жолықсын» деді оқырмандар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.