Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мамыр» бауында тазалық жұмыстары жүргізілді

0 500

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны Тараз қаласында қарқын алуда. Айталық, аталған акция шеңберінде «Мамыр» бауында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Шараға «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен белсенді жастар қатысып, «Мамыр» бауындағы арықтарды, жаяу жүргіншілер жолын және тоғай ішіндегі «Сеңкібай» каналының бойын күл-қоқыстардан тазартып, тал балақтау жұмыстарын атқарды. Сондай-ақ сынған қоқыс жәшіктері мен орындықтарды ретке келтірді.

Тазалық шарасына жалпы саны 100-ден аса адам мен 10 техника жұмылдырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.