Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мамандар ең қауіпті диета түрлерін атады

0 541

Дәрігерлер денсаулыққа қауіпті диеталар туралы сөз қозғады,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Гастроэнтеролог Нурия Дианова денсаулық қауіпті деп алдымен ақуызды диетаны атап өтті. Ол тез арықтауға көмектеседі, алайда витамин тапшылығына және қоректік заттардың жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін, дейді маман. Нурия Дианова аралық ашығу да адам ағзасына зиян екенін, бұл диета түрі панкреатит пен өт тас ауруын туғызатынын жасырған жоқ.

Ал диетолог Михаил Гинсбург сүт, фастфуд, алкоголь және жасанды ингредиенттерден толық бас тартуды қамтитын диеталарды сынға алды. Оның сөзінше, мұндай тамақтану йод пен темірдің жетіспеушілігін туындатуы ықтимал. Кето диетасы, яғни көмірсулардан бас тарту денені уландыратын кетондардың пайда болуымен қауіпті, деді Гинсбург. Маманның дерегінше, төмен көмірсулар диетасын ұстанатын адамдар өз кезегінде фосфолипидтер мен басқа да пайдалы майлардың жетіспеу қаупін тудырады екен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.