Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Махаббаттан басым айналды»: Дастан Оразбеков жұбайына ән арнады

0 476

Дастан Оразбеков фанаттарын тың туындымен қуантты. Әнші «Тамшылар» әнін жұбайы Жанатқа деген сезімін жеткізді. Бұл ретте Дастан махаббаттан басы айналып, жұбайына ғашық болған алғашқы жылдары туралы сыр шертті, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Достар, жаңадан шыққан «Тамшылар» әні шыны керек мен үшін өте ерекше. Бұл ән менің керемет жұбайыма — Жанатқа арнап жазған әнім.
2007 жыл, Мәскеу қаласы. Орда тобымен «Европа плюс» жүргізген хит-парадында «Не покидай» әнімен жеңімпаз болдық. 25 жастамын, махаббаттан басым айналып жүрген кезім. Ғашық әншіге шабыт керек емес деген рас екен. Жанатқа @zhanatkhanym деген махаббатым, сағынышым осы әнімде толықтай көрсетілген. Көп ұзамай, сол 2007 жылы біз отбасы құрдық», – деп бөлісті Оразбеков.

Фанаттары әншінің бұл қылығына риза болды.

«Сіздің махаббатқа адалдығыңызға таң қаламын! Үлгі алатындай жансыз», «Әйеліңіз бен ұлдарыңызға деген қарым-қатынасыңызға қарап, сізді тыңдай бергім келеді», «Бақытты болыңыздар», «Күшті әуен», – деп тамсанды олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.