Қалалық қоғамдық-саяси газет

«MadMEN» тобының мүшелеріне қатысты іс не болып жатыр: Полиция жауап берді

0 506

Отандық «MadMEN» музыкалық тобы мүшелеріне қатысты қылмыстық іс аяқталу сатысында. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінде «MadMEN» музыкалық тобының директоры Р.И.Хванның жетекшілігімен 8 қатысушыдан тұратын қылмыстық топ құру арқылы синтетикалық есірткіні таратуға қатысты атышулы факті бойынша қылмыстық іс аяқталу сатысында. Биыл қаңтар-сәуір айларында жүргізілген жұмыстың нәтижесінде айыптылардан 1,3 келіден астам «мефедрон» синтетикалық есірткі тәркіленді», – деді Ерлан Омарбеков.

Еске салайық, ,бұған дейін Алматы полициясы есірткі қылмысына қатысы бар деген күдіктілерді ұстады. Олардың арасында Mad Men тобының мүшелері бар екені туралы хабарланды. Есірткі қылмысына қатысы бар Mad Men тобының мүшелері 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.