Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі лауазымына тағайындалды

0 333

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылғы 7 қарашада Алматы қаласында туылған.

О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебінде оқыған. 1999 жылы «Тұран» университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық Академиясын «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Жартас» ЖШС-де менеджер ретінде бастаған. 2000-2001 жылдары Ақмола облысының орман және биоресурстар басқармасында жұмыс істеді.

2001 жылы Қазақстандағы Теңіз кен орнында midrillingfluidsinternational (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер лауазымына қабылданды. 2002 жылы Schlumberger  компаниясының қазақстандық филиалынан мансаптық өсу бағдарламасына іріктеліп, АҚШ-та, Малайзияда, Батыс Сібір кен орындарында тағылымдамадан өтті. Қазақстанға оралғаннан кейін бизнесті дамыту жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді, содан кейін Қазақстандағы MIDrillingFluidsInternational филиалының басшысы болып тағайындалды.

2007-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  «ТеңізСервис» ЖШС  бас директоры болып жұмыс жасады.

2010-2012 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2012-2013 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылы мемлекеттік қызметке Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі лауазымына шақырылды. 2014 жылғы 13 тамыздан бастап 2019 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі қызметін атқарған.

2019 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымында қызмет етіп келді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.