Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маңғыстауда құмды дауыл тұрды (видео)

0 209

Маңғыстауда құмды дауыл тұрды. Әлеуметтік желілерде қолайсыз ауа райы түсірілген видеолар таралып жатыр, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

20 қазанда жергілікті жүргізушілер Ақтау-Бейнеу тасжолында құмды дауылды видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, жолды көру мүмкіндігі 10 метрге дейін шектелген, тіпті одан да аз болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті аймақта жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін екенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ, нөсер болады деп болжанған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.