Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маңғыстау облысында ұрылар ұйықтап жатқан ер адамды тонап кеткен (видео)

0 131

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында газ құю бекетінің қызметкерін ұйықтап жатқан кезде тонап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметіне сәйкес, ер адамның сөмкесінде 80 мың теңге болған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көп ұзамай күдіктілер қолға түскен.

«Аталған факті бойынша Бейнеу аудандық Полиция бөлімі ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.