Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мақпал Жүнісоваға жетемін деп құлап қалған Арман Дүйсенов елді күлдірді

0 276

Композитор Арман Дүйсенов сахнада болған қызық сәтпен бөлісті. Ол Мақпал Жүнісоваға жетемін деп елдің алдында құлап қалған видеосын жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбада Халық әртісі Мақпал Жүнісова композитордың залда отырғанын көріп, сахнаға шақырғанын айтады.

«Арман залда отырған соң, әдейі шақырып жатырмын. Дайындықсыз қалай ойнайтынын көрейін деп едім. Өзім де дайындықсыз. Ұшақтан түсе салысымен осында келдім», – деп түсіндірді Жүнісова.

Осы аралықта әншіге келмек болған композитор сахнада тайып құлап түседі.

«Мені көрген жігіттердің бәрі осылай құлап түседі. Содан кейін де жігіттер онша жақындай қоймайды. Өйткені арты не болатынын біледі», – деп елді ду күлдірді Халық әртісі.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.