Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мақпал Досымбекова жаңа қызметке тағайындалды

0 331

Жамбыл ауданы әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өкімімен Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Досымбекова Мақпал Сатыбалдықызы тағайындалды.

Досымбекова Мақпал Сатыбалдықызы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары ретінде әлеуметтік салаға жауапты болмақ. Осыған дейін, Олжас Баққараев қызмет етіп, қазіргі таңда Олжас Елебекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану басқармасының басшысы.

Досымбекова Мақпал Сатыбалдықызы, қызмет Талас ауданы Қаратау қаласындағы мектеп-лицей, А.Пушкин орта мектебінің бастауыш сыныптарының мұғалімі, Талас ауданы Қаратау қаласындағы мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Қаратау қаласындағы көпсалалы колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания акционерлік қоғамының Астана қаласындағы «Қазкөліксервис» компаниясының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмысы бөлімінің бастығының орынбасары;

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының саяси партиялар және ҮЕҰ талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы; басқарманың азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы; Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

turaninfo.kz

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.