Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маған проблемасын айтқан әрбір тұрғынның өзекті сұрағын жауапсыз қалдырмаймын – Әлихан Смайылов

0 615

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Facebook-тағы парақшасында жазба жариялап, тұрғындардың әрбір проблемасы мұқият зерделенетінін айтты.

«Әлеуметтік желіде белсенділік танытып, сұрақ қойып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. Премьер-министр кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма бердім.

Өкінішке қарай, жұмыс бабына байланысты сіздердің барлық сұрағыңызға жеке жауап бере алмауым мүмкін. Десе де, ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайтынын және оларға құзырлы органдар міндетті түрде жауап беретінін жеткізгім келеді», – деп жазды Әлихан Смайылов.

Қаңтар көтерілісінен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды шенеуніктерге елмен етене жақын жұмыс істеуді тапсырды. Әкімдердің халықпен кездесуі туралы арнайы Жарлық та шығарды. Мемлекет басшысының Жарлығында «Халық талап етсе, әкімдер күнтізбеге қарамай елмен кездесуі тиіс» екені жазылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.