Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Маған енді керек емес»: Қазақстандық ауыр атлеттер Альберт Линдер өлімінен соң медальдарын қоқысқа лақтырды

0 234

Қазақстандық ауыр атлеттер Михаил Макеев пен Фархат Самарханов әріптесі, 25 жастағы Альберт Линдердің қайғылы қазасына байланысты видео үндеу жасады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Линердің көз жұмуы жайлы жақында белгілі болды. Спортшы өзін-өзі өлтірген болуы мүмкін. Ол жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды.

«Менің атым Макеев Михаил. Альберт Линдердің қазасынан кейін мен бір нәрсені түсіндім, жылдар бойы қан мен теріммен тапқан медальдар маған енді қажет емес. Мен өз халқым үшін емес, басқа адамдардың пайдасы үшін жаттығып, жарыстарға қатысқандықтан, маған енді олар қажет емес», — деді Макеев медальдарды қоқыс жәшігіне лақтыра отыра.

Тағы бір спортшы Самарханов та өзінің ойын видеода ашық білдірді.

«Баршаңызға Ассалаумағалейкүм! Мен бұл видеоны ауыр атлетикаға қатысы бар барлық адамға және қарапайым халыққа жеткізгім келеді. Біздің жағдайымызға спорт әлемінде, ауыр атлетика әлемінде, атап айтқанда Альберт Линдердің қайтыс болуына… Мен оның есімін еске алу үшін бір ауыз сөз айтқым келеді. Жас кезімізде біз үлкен биіктерге қол жеткізгіміз келді, бірақ барлық жағынан бізге кедергі көп болды. Ал Альбертпен болған жағдайға келсек, оның жағдайында оның өміріне балта шабылды”, – деді ол.

Спортшы өскелең ұрпаққа да спорттағы қиындықтар жайлы пікірін арнайы білдіріп өтті.

“Бізге жаттықтырушылар: «Орныңды баса алмаймын адам болмайды. Сен кетсең, басқасы келеді» деп айтқан болаты. Сондықтан сендерді де бір күні өзгелер алмастырады. Ал бұл медальдар маған енді керек емес. Олардың менің қабырғама ілініп, шаң жинап, өмірімнің бос кеткен жылдарын еске түсіруінің мағынасы жоқ», –  деді Самарханов.

 

Айта кетсек, 25 жастағы дарынды спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер көз жұмған болатын. Ол өзіне қол жұмсаған. Алматы облысының полиция департаменті ҚР ҚК-ның 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлаған.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.