Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары

0 421

Мұз қаншалықты қалың болса да арасы қуыс екенін ескерген жөн. Ал оған шығудың өзі өте қауіпті екені бәріне белгілі. Алайда қарапайым сақтық ережелерін барлығы бірдей сақтай бермейді.

Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі қайғылы жағдайларды болдырмас үшін мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтау және оқыс жағдайға тап болған сәтте төмендегі өзін-өзі ұстау қағидаларын білу қажеттілігін ескертеді.
– Тыйым салынған жерлерде мұз үстімен су айдынынан өтпеңіз.
– Мұз үстіне мотоциклмен, автокөлікпен шықпаңыз.
– Қыс мезгілінің басында және көктемнің басында жұқа мұзға шықпаңыз.
– Қараңғы уақытта және нашар көрінетін кезде (тұман, қар, жаңбыр) мұзға шығуға болмайды.
– Балық аулау кезінде шұңқырларды қатар қазбау керек, бұл өте қауіпті.
– Балық аулаған шұңқырларды қоршап немесе белгі қойып кетіңіз, өйткені ол жерлер қармен көміліп, адам өміріне қауіп төнуі мүмкін
– Мұз үстінде бір жерде топталып жиналмаңыз!
– Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың ең жиі кездесетін себептерінің бірі – алкогольдік масаңдық. Мұндай жағдайдағы адамдардың бойында қорқыныш сезімі жоғалады, төтенше жағдай кезінде дәрменсіз күйде болады.

Айдос Өтеген,
Тараз қалалық төтенше жағдайлар
басқармасының аға офицері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.