Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәскеудегі көпфункционалды орталықта бұрынғы армия подполковнигі атыс шығарды: Қаза тапқандар бар

0 418

Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы көпфункционалды орталықта (МФО) белгісіз ер адам атыс шығарды. Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам жараланған.

«Атыс шығарған ер адам ұсталды. Қаза болғандардың отбасына көңіл айтамын. Дәрігерлер жараланғандарға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», – деп жазды Собянин.

Ұсталған 45 жастағы ер адам бұрынғы армия подполковнигі болып шықты. Оны көші-қон бөлімінің қызметкері ұстаған. Белгілі болғандай, жанжал медициналық маскаға байланысты шыққан. Маска тартудан бас тартқан ер адам атыс шығарған.

Көп функционалды орталық (МФО) Ресейдегі бюджеттік мекеме болып табылады, ол өтініш берушінің бір өтінішінен кейін «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.