Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәсімов халыққа үндеу жасады

0 215

Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов облыс тұрғындарына өзінің Facebook-тегі парақшасы арқылы үндеу жасады.

Айтуынша, ол Ішкі істер министрінің бұйрығымен жазған баянатына сәйкес, Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылған.

«Біздің әлеуметтік желідегі қарым-қатынасымыз маған және әріптестеріме біздің жұмысымызға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Сіздермен тікелей байланыста болу, мәселелерді талқылау, жоспар құру, жалпы полицияның жұмысы туралы жаңалықтармен бөлісу өте маңызды болды. Мен үшін сыни пікірлер де маңызды болды. Олар павлодарлықтардың өміріндегі бар проблемаларды қозғап, жұмысымыздағы кемшіліктерді дереу жоюға мүмкіндік берді. Осы жылдар ішінде азаматтарымыздың өмірі бейбіт және тыныш болу үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылды.

Павлодар облысының әрбір жазылушысы мен тұрғынына полиция қызметіне ілтипатты қарым-қатынас және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жемісті бірлескен жұмысымыз үшін алғыс білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда Павлодар облысы өркендей түсіп, ал оның тұрғындары тыныш және бақытты өмір сүреді деп сеніммен айтуға болады. Сіздерге денсаулық, амандық және тыныштық тілеймін! Өздеріңізге сақ болыңыздар!» – деді Н. Мәсімов.

turkystan.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.