Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәселелердің шешімі білімді дамытудан бастау алады

0 728

Бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқараға жолдауын жариялады. Елбасы саясатының кемелдігі келешек ұрпақтарымыз үшін көптеген мүмкіндіктер сыйлауда.
Жастардың білімді болып өмірден өз орындарын табуы, мызғымас кірпіш болып қалануы біздің міндет. Президент өз жолдауында – Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту біздің мақсатымыз деген болатын. Ол үшін білім мен ғылымды дамыту, осы салада жұмыс жасап жатқан білікті педагогтардың жалақыларын көтеру керектігін де ұмыт қалдырған жоқ. Биылғы жылдан бастап жолдауда келтірілгендей педагогдардың біліктілік курстарын өз қаражаты есебінен өтеуге жол берілмейтіндігін айтты. Елдің ертеңі, болашағымыздың жарқын болуының себепкерлері – жастар. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұстаздардың жауапкершілігінде екені белгілі. Осы тұрғыда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «білім жүйесіне білікті мамандар қажет. Мұғалімдерді оқыту бес жылда бір емес, үш жылда бір жүргізілуі керек. Тек ол мамандар біліктілігін арттыру үшін өз қалтасынан ақша шығармауы тиіс»-деді. Білім қашанда негізі күш. Ұстаздан шәкірт озып білім көкжиегінде бәсекелесіп, ұлы ғылым жолына балаларымыз түсіп жатса нұр үстіне, нұр емес пе? Елбасы жолдауында айтылған мәселердің шешімі білімді дамытудан бастау алады.

Малтабар Жаманбаев,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.