Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мұнай экспорты арқылы пайда табуға болады: Энергетика министрлігі желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

0 109

Энергетика министрлігі әлеуметтік желіде жалған жарнама тарап кеткенін мәлімдеді. Жарнамада министрліктің аты аталып, мұнай экспортынан мол қаржы табуға болатыны айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жарнамадағы ақпаратқа сәйкес тұрғындар Еуропаға мұнай мен газ экспортынан жоғары кіріс ала алады.

«Вирустық жарнаманы ілгерілету кезінде ҚР Энергетика министрлігі басшылығының есімдері аталады. ьҚР Энергетика министрлігі таратылатын вирустық жарнама жалған және шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдейді», – делінген хабарламада.

Министрлік қазақстандықтарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады, сонымен қатар жалған қаржылық компаниялардың өтірік ақпарат таратуы жиілегенін атап өтті.

«Онда азаматтарды сендіру үшін танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін, жаңалықтар порталдарын пайдаланады, сондай-ақ қатысушы ретінде танымал тұлғаларды атайды», – деп ескертті министрлік өкілдері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.