Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

МӘМС мәселелері бойынша қалалық штаб отырысы өтті

0 42

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекованың төрағалығымен халықты мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейту, сонымен қатар, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңына енгізілген өзгерістер бойынша қалалық штаб отырысы өтті.

Жиында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Даурен Бурханов сөз алып, МӘМС заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар аурулардың жаңартылған тізбесі және ТМККК және МӘМС аясында көрсетілетін қызметтердің көлемі жайлы айтты.

Отырыс барысында халықты МӘМС жүйесіне тарту деңгейін арттыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ «D» және «Е» санаттарындағы тұлғаларға қатысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тетіктері қаралды. Сонымен қатар 2026 жылдан бастап МӘМС пен ТМККК пакеттері кезең-кезеңімен біріктірілетіні келесі жылдан бастап әлеуметтік жағдайы төмен, яғни «D» және «E» санаттарындағы осал топтағы азаматтар жергілікті бюджет есебінен сақтандырылатынын айтылды.

Көтерілген барлық мәселелер бойынша ұсыныстар жинақталып, тиісті шешімдер қабылданып, отырыс хаттамасына енгізілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.