Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

МӘМС – денсаулық кепілі: тұрғындарға жүйенің артықшылықтары түсіндірілді

0 62

Бүгін Тараз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күні» акциясы өтті.

Іс-шара барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері халыққа кеңес беріп, сұрақтарына жауап берді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Даурен Бурханов халыққа медициналық сақтандыру жүйесінің маңызды тұстары, оның артықшылықтары мен халыққа пайдасы жайлы кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ Д.Бурханов денсаулық сақтау саласын қаржылық тұрғыдан тұрақтандыру, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және оларды халыққа қолжетімді ету маңызды мәселелерін атап өтіп, осы орайда елімізде енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халыққа медициналық көмек көрсетудің жаңа деңгейін қамтамасыз етіп отырғанын баса айтты.

Өз кезегінде тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарға толыққанды нақты жауап алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.