Қалалық қоғамдық-саяси газет

МӘМС аясында қолжетімді медициналық көмек артуда

0 2  865

Бүгінде ауруханадағы төсек қоры 320-ны құраса, оның күндізгі стационары – 35. Сонымен қатар ауруханада 725 қызметкер еңбек етуде. Олардың 94-і дәрігер, 296-сы орта және кіші буын қызметкерлері. Облыстық аурухананың құрамында гематология, қан тамырлары хирургиясы, гастроэнтерология, ревматология, эндокринология секілді өңірде баламасы жоқ бірқатар бөлімше жұмыс істейді.

Жылына ауруханада 12 000- нан аса науқасқа медициналық көмек көрсетіледі. Мәселен, 2023 жылы мамандандырылған медициналық көмек бойынша – 5 852 ота, оның ішінде эндовидеохирургиялық – 1 447 ота, ал жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша 57 ота жасалынды.

Сонымен қатар өткен жылы 8 мамандандырылған медициналық көмек және 1 жоғары технологиялық медициналық көмек түрі, ал 2024 жылдың 5 айына 4 мамандандырылған медициналық көмек және 1 жоғары технологиялық медициналық көмек түрі көрсетілді. Мұндай медициналық көмек түрлері тұрғындарға МӘМС аясында қолжетімді.

Сонымен қатар, өте қымбат тексерістер – магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография. МӘМС жүйесі бойынша біздің халқымыз тегін тексерістер жасай алады. Оның тағы бір жақсы жағы Мысалы; ми қан тамырына жасалатын отаны бағаласақ, бұл 4-5 млн. теңге тұратын ота. Қарапайым халықтың оған шамасы жетпейді. Ал МӘМС жүйесі бойынша осы отаның бәрі науқасқа тегін жасалады. Біз омыртқаның жотасына ота жасаймыз. Соны шетелге барып жасатады. Бізде бұл отаның құны 2,5 млн. теңге, ал оған халық төлеп жатқан жоқ. Омыртқа жотасына ота жасау үшін алыс шетелге барып келгендер бар, 25-50 мың доллар, аурудың саласына байланысты, төлеп қайтады. Бүгінгі күні бұрын шетел мемлекеттерінде жасалатын оталардыңбасым бөлігі елімізде МӘМС арқылы жасалып жатыр.

Тимур Карақұлов,
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.