Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалуда

0 148

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау  туралы» Заңның 25-бабы – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар ұлттық стандарттарға сәйкес мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын  үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына жағдай жасауға мiндеттi.

2015 жылы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектердің жеткілікті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, олардың елдің саяси, қоғамдық және мәдени өміріне қатысуы үшін мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің тиімді құқықтық тетіктерін жасау жөнінде барлық тиісті шараларды қабылдауы тиіс.
Мүгедектер үшін нысанның қол жетімділігіне қойылатын негізгі талаптар:
Құрылыс нормалары мен ережелеріне немесе көтергіш құрылғысына сәйкес пандустың болуы міндетті;
• Пандус биіктігінің ұзындығына қатынасы 1:20 м, ерекше жағдайларда тар жерлерде 1:12 болуы тиіс, пандус ені 1,2 м кем болмауы тиіс;
• Пандусы бар кіру алаңының өлшемдері 2,2 м × 2,2 м кем болмауы тиіс;
• Барлық сатылар мен пандустардың екі жағында тұтқалардың болуы қажет;
• Пандустағы тұтқалар 0,7 және 0,9 м деңгейінде, баспалдақта 0,9 деңгейінде орналасуы тиіс, ал балалардың әлі 0,5 деңгейінде болуы мүмкін;
• Пандуста таяқтың немесе аяқтың сырғанауының алдын алу үшін пандус маршының жиектерінде биіктігі кемінде 0,05 м және биіктік айырмашылығы кезінде көлденең беттердің жиегінде 0,45 м ернеулер болуы тиіс;
• Қабырғаларға жанаспайтын баспалдақтардың бүйірлік шетінде биіктігі кемінде 0,02 м борттар болуы тиіс.
• Ғимараттың сыртқы есік табалдырықтарының биіктігі 1,4 см аспауы тиіс;
• Мүгедектер үшін қолжетімді кіру есігінің ені кемінде 0,9 м болуы тиіс, екі жақты есіктерде бір жұмыс жармасы бір орынды есіктерге талап етілетін ені болуы тиіс;
• Кез келген қоғамдық ғимараттарда келушілердің есептік саны 50 адам және одан көп болғанда немесе келушілердің есептік болу ұзақтығы 60 минут және одан көп болғанда әмбебап кабинасы бар санитариялық торап көзделуі тиіс. Жалпыға ортақ пайдаланылатын санитариялық тораптардың әмбебап кабинасының өлшемдері: ені-кемінде 1,65 м, тереңдігі-кемінде 2 м болуы тиіс. Кабинада унитаздың жанында киімге, балдаққа және басқа да керек-жарақтарға арналған ілмектер, санитариялық торапқа арналған тұтқалар, шақыру түймесі орналасуы тиіс;
• Баспалдақ марштарының, есік ойықтарының алдындағы, сондай-ақ коммуникациялық жолдарды бұру алдындағы қозғалыс жолдарындағы еден учаскелерінің марштың, ойықтың бүкіл ені бойынша ескертетін бедерлі және/немесе қарама-қарсы боялған беті болуы тиіс. Көру бойынша шектеулері бар адамдардың қозғалыс жолдарында қозғалыс жолдарының бедерлі тактильді белгілері көзделуі тиіс, есіктердің мөлдір төсемдерінде биіктігі кемінде 0,1 м. және ені кемінде 0,2 м. ашық контрастты таңбалау көзделуі тиіс;
• Халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қол жетімді кіру есігіне жақын орналасқан «Мүгедек» деген белгілері бар көлік құралдарына арналған тұрақ орындары болуы тиіс.
Қолжетімділік бойынша барлық іс-шаралар 3.06-101-2012 ҚР Ережелер жинағында толық көрсетілген.
Мүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжеткілікті қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік шарасы көзделген.
Лауазымды адамдарға (мемлекеттік құрылымдар басшыларына) қатысты айыппұл сомасы – 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 120, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде құрайды.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) – лауазымды адамдарға – 80 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 250 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Гаухар Олжабаева,
Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.