Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады:
2024 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі — 2025 жылғы 1 қазаннан кешіктірілмеуі тиіс.
Мүлік салығына не кіреді?
2025 жылдан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың мүлік салығы екі салықты біріктіреді:
- Мүлік салығы
- Жер салығы
Салық салынатын объектілер:
- Жылжымайтын мүлік: пәтерлер, үйлер, гараждар, саяжай құрылыстары, машиналар тұрағы және басқа да меншік объектілері.
- Жер телімдері: бірақ барлық жер түрлеріне салық салынбайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қоры, босалқы жерлер, сондай-ақ ортақ пайдалану орындары (көшелер, жолдар, саябақтар) салық салудан босатылады.
Мүлікті сатудан алынатын табыс салығы
Физикалық тұлғалар төмендегі жағдайда табыс салығын (пайдадан салық) төлеуге міндетті:
- егер мүлік сатып алынғаннан қымбатқа сатылса;
- және мүлік 1 жылдан аз уақыт иелігінде болса.
Босатылатын жағдайлар:
- коммерциялық мақсатта пайдаланылған мүлік,
- тұрғын үй құрылысына (ИЖС), саяжай, бау-бақша, қосалқы шаруашылық, гараж үшін арналған жерлерден басқа мақсаттағы жер телімдері.
Салық мүлікті сату құнынан емес, тек табыстан (пайдадан) алынады.
Ставка — 10% (Қазақстан резиденттері үшін).
Салық қалай есептеледі?
Салық автоматты түрде есептеледі, негізге алынады:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы берген объектінің бағалық (кадастрлық) құны;
- меншік құқығындағы иелік ету мерзімі.
Салық сомасы туралы хабарламалар:
- банктердің мобильді қосымшалары арқылы,
- e-Salyq Azamat және eGov Mobile қосымшалары арқылы push-хабарлама түрінде жіберіледі.
Төлемеген жағдайда не болады?
2025 жылғы 2 қазаннан бастап мүлік салығын төлемеген азаматтарға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.
Егер берешек сомасы 1 АЕК-тен асса, онда:
- 30 жұмыс күні ішінде төлем жасалмаса,
- мәжбүрлі өндіріп алу туралы қаулы шығарылады және
- 5 жұмыс күні ішінде ол жеке сот орындаушыларына беріледі.
Қосымша салдарлар:
- берешек сомасынан 25%-ға дейінгі мәжбүрлі өндіріп алу алымы,
- банк шоттарына тұтқын салу,
- елден шығуға шектеу қойылады.
Салықты қайда төлеуге болады?
- e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы,
- Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы,
- eGov.kz электрондық үкімет порталында,
- банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы банк картасын пайдаланып төлеуге болады.
Кімдер салық төлеуден босатылады?
2025 жылы келесі санаттағы азаматтар жер және мүлік салығынан босатылады:
Толық босатылады:
- Кеңес Одағының Батырлары,
- Социалистік Еңбек Ерлері,
- мемлекеттік наградалар мен атақ иелері,
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Қосымша босатылатындар:
- жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар (18 жасқа дейін),
- мүгедек баланың бір ата-анасы немесе мүгедек адамның өзі,
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері болып табылатын көпбалалы аналар.
Гүлнұр Абдалиева,
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің
Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасы
басшысының міндетін атқарушы