Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәңгі жасыл мәуелі мекен

0 373

Батырхан ТОҚТАҒҰЛ,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК»
Жамбыл облыстық филиалының директоры

Құрметті Тараз тұрғындары мен қала қонақтары!
Сіздерді шаһарымызды шуаққа бөлеген мереке – Қала күнімен құттықтаймын! Бүгін біз Ұлы Даладағы ең көне қалалардың бірі, тарих пен мәдениеттің алтын бесігі – қасиетті Тараздың атаулы мерекесін атап өтудеміз. Тараз – тек Қазақстан үшін емес, бүкіл әлемге танымал көне өркениеттің орталығы. Оның әрбір көшесі, әрбір тасында ғасырлар бойы қалыптасқан тарихтың ізі жатыр. Ежелгі Тараз – Ұлы Жібек жолының жүрегі, мәдениет пен сауда-саттықтың маңызды орталығы болған мекен.
Бүгінде Тараз – заманауи, серпінді дамып келе жатқан қала. Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Қаламыздың көшелері күн сайын көркейіп, жаңа ғимараттар бой көтеріп, жаңа жобалар жүзеге асуда. Бұл жетістіктер, сөзсіз, әрқайсымыздың еңбегіміздің жемісі.
Тараздың жүрегінде терең тарих жатыр. Ал сіздер, оның тұрғындары – осы тарихтың жалғастырушысысыздар. Қаламыздың бүгіні мен ертеңі сіздердің белсенділіктеріңізге, іскерліктеріңізге, бірліктеріңізге тікелей байланысты. Әрбіріңіз бұл қаланың болашағы үшін үлкен үлес қосып келесіздер, сол үшін алғысымды білдіремін.
Қала күні – әрбір отбасы үшін үлкен мереке. Осы мерекеде сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін. Қала тұрғындары мен қонақтарының әрқайсысына тек жақсылық пен табыс, отбасыларыңызға береке, бейбіт өмір, келешектеріңізге жарқын жетістіктер тілеймін!
Тараз қаласы одан әрі дамып, гүлдене берсін! Қаламыздың көне тарихы мен бай мұрасы жаңа жетістіктермен толықсын! Жаңарған Таразды көріп, оның болашақта да ұлт мақтанышы болып қала беретініне сенімім мол.
Қала күні баршаңызға құтты болсын! Бейбітшілік пен игілік әр шаңырақта мәңгі орнап, Тараздың әрбір күні шуақты, берекелі, жарқын сәттерге толы болғай!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.