Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәдина Сәдуақасованың барлық банк картасы бұғатталды

0 724

Әнші Мәдина Сәдуақасова көк тиынсыз қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Себебі, өнер иесі уақытында салық төлемеген. Сөйтіп, Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті Мәдинаның барлық қаржысы сақталған банк картасын бұғаттап тастаған. Бұл жайында әнші Экспресс К тілшісіне айтып берді.

Салықтан жалтарған Мәдина Сәдуақасованың барлық банк картасы бұғатталды / instagram.com/sadvakasovamadina
Салықтан жалтарған Мәдина Сәдуақасованың барлық банк картасы бұғатталды / instagram.com/sadvakasovamadina

«Қазір қолымда небәрі 1600 теңге қалды. Мен негізі барлық қаржыны төлем картасында сақтайтын адаммын. Картада өте көп ақша бар. Бұндай жағдай менің басымнан бірінші рет өтіп тұр. Негізі бірнеше жылдан бері салықта жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенмін. Осы уақытқа дейін бір де бір рет салықтан жалтарып көрмегенмін. Барлығына жауапкершілікпен қараймын. Есепшім небәрі 500 теңгені уақытында төлемеген екен. Сондықтан менің барлық төлем карталарымды бұғаттап тастады. Қазір Мемлекеттік кірістер департаментіне барып қарызымды төледім. Бір-екі күнде қайтадан бәрі орнына келеді», — дейді Мәдина Сәдуақасова.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.