Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәдина Сәдуақасова: Әкем такси болып ақша табады, ол үшін еш ұялмаймын

0 419

Мәдина Сәдуақасова әкесінің өте қарапайым екенін айтады. Қарапайым қызметтен зейнетке шығып, бүгінде такси қызметінде жүр. Ал өз отбасында жолдасына бағынады. Өзінің ашық образдарына қатал қарамайды,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бұл туралы TABOO бағдарламасында айтылды. Мәдина Сәдуақасова әкесінің тым қарапайым адам екенін айтады. Өмір бойы теміржолда жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Қазір де такси болып уақыт өткізеді. Жақында ғана бала-шағасы әкесіне су жаңа көлік сыйлаған.

“Әкем өте қарапайым адам. Мамандығы тіс дәрігері болғанымен, Алматыға келгенде теміржолда істеді. Пойыз айдады. Зейнетке шықты. Мен бір күні үлкен джип көлігін сыйладым. Бірақ оны жүргізбеді. Сатып жіберіпті де, аулаға монша салыпты. Құрылыс жұмыстарын жүргізіпті. Солайша екінші көлік алып бердім. Оны да айдамады. Әкем сондай қарапайым адам. Біз оны көндіре алмаймыз. Маған қымбат көлік керек емес, мақтан керек емес. Мен адамдарды тасимын. Такси боламын. Қарапайым көлік керек деді. Әкем-шешемді желіден көп көрсетпейтінім де сондқтан. Әкем өте қатал кісі. Жақында балалары ақылдаса келе Лада гранта көлігін алып бердік. Қазір сонымен такси болып жүр. Ол үшін ұялмаймын. Бұл әкемнің қалауы”, – деді әнші.

Сәдуақасова ашық образдарымен бірнеше рет сынға қалған еді. Алайда мұны өзі ерсі көрмейді. Шоу-бизнеске шоу жетіспейді деп есептейді.

“Бұрын біреулер масқара деп бастаса, суреттерімді өшіріп тастайтынмын. Қазір өшірмеймін. Мен тыржалаңаш жүрген жоқпын. Артық кетіп жатқан жоқпын. Біреу сын айтты екен демеймін. Ешкімді тыңдамаймын да, мән бермеймін де. Біздегі шоу-бизнеске шоу жетіспейді. Біздегі шоу 91 тобынан басталады. Ол ойымнан айнымаймын”, – деді.

Мәдина ханым отбасында жолдасына бағынатынын мойындайды. Отбасында ұрыс жиі болмайды.

“Мен көңіл-күйдің адамымын. Ал жолдасым сабырлы. Қайын жұртымда бәрі сабырлы адам.  Сондықтан ұрыс көп болмайды. Жолдасымның айтқаны заң. Бір-бірімізді толықтырып тұрамыз. Жолдасым мен туралы тек жаңалықтардан ғана оқиды. Ел сын айтып жатса, жай ғана ашуын білдіреді. Бірақ ауыр сөз айтпайды. Ол режиссер. Менің көп таңдауыма қолдау көрсетеді”, – деді әнші.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.