Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәдениет саласының мәні жоғары

0 1  666

Облыста 197 мәдениет нысаны қызмет көрсетуде. 2023 жыл қорытындысы бойынша облыс халқының мәдениет нысандарымен қамтылу деңгейін ағымдағы 80,6 пайыздан 84,8 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясы барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Облыс мәдениет нысандарын жаңарту және жаңаларын салу жұмыстары жолға қойылған. Осылайша бүгінде 1,4 млрд теңгеге 16 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның 6 нысаны пайдалануға беріліп үлгерді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 4 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. 6 нысан 2024 жылға өтпелі. 413 млн теңгеге 3 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тағы 1 мәдениет нысанында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

– Мәдениет саласындағы жетістіктердің бірі – халықаралық фестивальдерге қатысу. Биыл Жамбыл облыстық қазақ драма театры Румыниядағы «Babel FЕST-2023» Халықаралық театр фестиваліне, орыс драма театры Ресейдегі «Алтын провинция» театр фестиваліне қатысты.

 Облыстық филармонияның әншісі Қырғыз Республикасында өткен «Мейкин Азия-2023» халықаралық әншілер байқауының Гран-при иегері атанды, – деді аймақ басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.