Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәдениет министрі Жамбыл жұртшылығымен жүздесті

0 369

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен облысымызға ат басын бұрған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Баласағұн» орталық концерт залында жамбылдықтармен жүздесті.

Әуелі Дәурен Әскербекұлы салада атқарылған жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады.

– Біз «Жаңа қазақ әдебиеті« атты жобаны қолға алдық. Оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен инновациялық идеяларын шыңдайды. Сонымен қатар қазір жалпы жүлде қоры 35 миллиион теңгені құрайтын «Айбоз« тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығын күні кеше Алматыда тапсырдық. Бұдан бөлек, 2023 жылдан бастап қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады. Осылайша біз әдебиетімізге жаңа туындылардың қосылуына ықпал етіп, қаламагерлер мен баспагерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастырамыз», – деді министр.
Кездесуге жиналған жұртшылық та министрге сауалдарын жолдады. Дәурен Абаев өз кезегінде көтерілген барлық

мәселелер назарға алынып, тиісті шешімдер қарастырылатынын жеткізді.
Бұдан кейін Дәурен Әскербекұлы «Ежелгі Тараз» қалашығы мен «Қарахан кесенесіне» аялдап, нысандардың жай-күйімен танысты.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.