Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мүбарак Жинақбаева – «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы

0 340

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы болып Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев таныстырды.

Мүбарак Жинақбаева 1965 жылы Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Жамбыл педагогикалық институтын «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қызмет көрсету саласы» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы Шу қалалық комсомол комитетінің есеп секторының статисті болып бастаған. 2008-2014 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, 2017-2019 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы, сондай-ақ Шу ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.