«Ұлылықтың үлгісі – әке тәрбиесі»
Тараз қаласындағы №62 орта мектеп кешенінде «Ұлылықтың үлгісі – әке тәрбиесі» тақырыбында мектепішілік әкелер құрылтайы өтті.
Шараның басты мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін күшейту, ұл-қыз тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайту болды. Құрылтайға мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, әкелер кеңесінің мүшелері мен белсенді ата-аналар қатысты.
Жиын барысында ұлттық тәрбие, әкенің өнегесі мен жауапкершілігі, бала бойына адамгершілік пен еңбекқорлықты сіңірудегі әке ықпалы туралы мазмұнды баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, ашық пікір алмасу өтіп, қазіргі қоғамдағы әке беделі, отбасындағы тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара аясында тәрбиелік мәні зор көріністер көрсетіліп, әкелердің мектеп өміріне белсенді араласуының маңызы айтылды. Құрылтай соңында бірқатар ұсыныстар қабылданып, әкелер кеңесінің алдағы жұмыс жоспары айқындалды.
Бұл тағылымды жиын жас ұрпақты тәрбиелеуде әкенің орнын айқындап, отбасы мен мектептің бірлескен жұмысына жаңа серпін берді.