Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ұлы дала» ықшамауданында 8 көше асфальтталады

0 355

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков “Ұлы дала” (15) ықшамауданындағы бірқатар нысанды аралады.
Әуелі шаһар басшысы сорғы станциясына аялдады.
«Строй Монтаж Group» ЖШС мердігерлігімен салынған нысанның жобалық қуаттылығы – 1600 м³/сағ. Техникалық қадағалаушысы – «Регион Сервис KZ» ЖШС, авторлық қадағалаушысы – «Құрылыс Инвест Жоба» ЖШС.
Қала әкімі құрылысы аяқталған станцияны қосу жөнінде мамандармен кеңесіп, жауаптыларға тиісті тапсырма берді.
Келесі кезекте Бақытжан Әмірбекұлы
ағымдағы жылы шағын ауданда жүргізілетін көшелерді орташа жөндеу жұмыстарының жоспарымен танысты.
Былтыр “Ұлы далада” 5 көшеге асфальт жол төселсе, биыл қоғамдық көлік жүретін негізгі 8 көшені асфальттау жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстарын уақытылы бастау керектігін баса айтқан шаһар басшысы “Түйте” каналының айналасын абаттандыру бойынша да сала мамандарына нақты тапсырма жүктеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.