Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 18 қарашадағы №64-өкіміне сәйкес, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарынан жұмыс тобы құрылып, «Ұлы дала» шағынауданына зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде заңсыз орналасқан бірнеше сауда дүңгіршегі анықталып, нысан иелеріне алып тастау туралы ескерту берілді және жергілікті полиция қызметкерлері ескерту хаттамаларын толтырды.
Жұмыс тобы мүшелері заңсыз қойылған дүңгіршек иелеріне 5 күн ішінде өз еркімен алып тастау туралы хабарламалар таратылды. Хабарламада көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда жергілікті полиция қызметкерлері айыппұл хаттамаларын толтырады. Сонымен қатар әкімшілік тарапынан заңсыз дүңгіршектерді алып тастау жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, аталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тек «Ұлы дала» шағынауданында ғана емес, жалпы қала аумағында орналасқан дүңгіршектердің орналасу заңдылығын реттеуге арналады.