Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық спорт ұлықталған күн

0 1  115

Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қала күні» мерекесіне орай «Құмшағал» алқабында өткен командалық көкпардан Тараз қаласының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.

Біріншіліктің ашылу салтанатында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов сөз алып, ізгі лебізін білдірді.
– Көкпар – халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ұлттық ойындардың бірі. Ол жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін қалыптастырады. Сондай-ақ көкпар бұқаралық спортты дамыту бағытындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бір бөлігі. Бүгінде ұлттық спорттың дамуына мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлінуде. Соның жарқын көрінісіне бүгін куә болып отырмыз, – деген Дәуір Рысбайұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Т.Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы аудандары және Тараз қаласынан жалпы саны 8 команда мен 100-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша ІІІ орынды «Тараз-2», ІІ орынды «Тараз-1», І орынды Бірлес-Ақыртөбе (Т.Рысқұлов ауданы) командалары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен, медальдармен, дипломдармен, естелік сыйлықтарымен және ақшалай сыйақылармен (І орын – 250 000, ІІ орын – 200 000, ІІІ орын – 150 000 теңге) марапатталды.
Сондай-ақ «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Ақылбек Қымызбаев («Тараз-1» командасы) және «Үздік тұлпар» номинация бойынша «Шрам» атты сәйгүлік (ат иесі Дулатов Азамат, «Тараз-2» командасы) қала әкімдігі тарапынан арнайы кубок, естелік сыйлықтармен және 50 000 теңге ақшалай сыйлықтарға қол жеткізді.

Нұрперзент Туғанбай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.