Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық рух пен спорттың керемет үйлесімі

0 43

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай өткен жастар арасындағы командалық жеті сайыс турнирі өз мәресіне сәтті жетті!

Бұл жарыс тек күш пен жылдамдықтың ғана емес, ұйымшылдық пен нағыз командалық рухтың көрінісі болды. Барлығы 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыс бағдарламасы:
▪️ Асық ату
▪️ Ләңгі тебу
▪️ Садақ ату
▪️ Жүгіру
▪️ Ұзындыққа секіру
▪️ Гір тасын көтеру
▪️ Арқан тарту

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Taraz Sport (@taraz.sport)

Жарыс нәтижесі:
1 орын – Тараз Парасат колледжі командасы
2 орын – Жамбыл политехникалық жоғары колледжі командасы
3 орын – Шу колледжі командасы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.