Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек – Мемлекет басшысы

0 107

Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Енді Ұлттық қордың рөліне жеке тоқталайын. Қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек екенін атап өтті.

«Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет», – деп тапсырды Мемлекет басшысы.

inform.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.