Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ұлттық киім – ұрпаққа мұра»

0 367

Оқырмандарға ұлттық киімнің маңыздылығын түсіндіру, ұлттық киім тарихымен таныстыру, ұлттық киімді жастар арасында насихаттау мақсатында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді.
Іс-шараға «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжі мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары, аталған оқу орындарының білімгерлері қатысты.
Шара барысында ұлттық киім, оның түрлері туралы көптеген ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Қонақтар тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұлттық киімді насихаттау жолында атқарып жатқан жұмыстары жайлы мәлімет берді.
«Зере» әжелер клубының мүшелері жас ерекшелікке қарай (жас қыздардың, келіндердің, апа-әжелердің) ұлттық киімдердің үлгісін көрсетті.
«Ұлттық киім – асыл мұра» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.