Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық идеология – қазақ мемлекеттілігінің негізі

0 1  171

Жастарымызды отаншылдыққа, адамгершілікке, білімпаздыққа, еңбекқорлыққа, ел мен жерге жанашырлық сезімдерін ояту мақсатында, адал азамат тəрбиелеу үшін, ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды бүгінгі таңда жастардың бойына сіңіру бүгінгі күннің ең өзекті мəселесіне айналуда.
Осыған орай Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ұлттық идеология негіздерін толықтай түсіндіріп, жас ұрпақтың тарихи санасын айқын әрі берік жасау, өскелең ұрпақ бойына ұлттық тарихи білім қалыптастыру мақсатында Құдайберген Мамбетовтың «Ұлттық идеология негіздері» кітабының таныстырылымын ұйымдастырды.
Аталмыш кітаптың Түркі дәуірінен келе жатқан ислам философтарының, қазақ ойшылдарының, ақын-жыраулардың қаһармандық ерлік жырлары, қазақтың батыр ұл-қыздары мен зиялылардың ағартушылық ой-көзқарастары ғылыми тұрғыда талданған құнды еңбектің бірі – «Ұлттық идеология негіздері» атты оқу құралының авторы Құдайберген Мамбетовтың тікелей қатысуымен өткен іс-шараға арнайы Тараз қаласындағы орта білім ұйымдарының директорлары мен тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, ұстаздар мен кітапхана мамандары, әскери қызметкерлер шақырылды.
Автор өзінің «Əл-Фараби жəне ислам теологиясы», «Алланың өзі де рас,
сөзі де рас», «Орта ғасыр ойшылдары», «Түркі дəуіріндегі ел бірлігі жəне қаһармандық», «Қарахан жəне Моғолстан дəуіріндегі ерлік дастандар», «Шыңғыс хан – əлем тарихында ең ірі теңдессіз тарихи тұлға», «Сұлтан Бейбарыс – жеңімпаз, ұлы патша», «Алтын Орда хандығы», «Қазақ хандығы», «Жыраулар поэзиясы», «Отаршылдыққа қарсы – халық азаттық
күресі», «Бірлік пен татулықты көздеген ұлы даналар», «Тіл тағылымы», «Алаш тарихы», «Тəуелсіздік бабаларымыздың аңсап өткен мұраты», «Ұлттық салт-дəстүр – тəрбие бастауы», «Мемлекеттік рəміздер – ұлттық құндылық» т.б. тақырыптары ғылыми-философиялық тұрғыдан талданған отыз дəрістен тұратын ғылыми философиялық туындысымен қатысушыларды жан-жақты таныстырып, ұлттық идеологияның басты мақсаты ұлттың ұлт ретінде сақталуын, нақты мақсаттарға ұлт ретінде қол жеткізуін қамтамасыз етіп, ұлтты ішкі жəне сыртқы қатерден қорғап, оның дамып, гүлденуіне ықпал ету болып табылатын жеткізді.
Арнайы шақырылған қонақ – филология ғылымының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Сәмен Құлбарақ «Ұлттық идеология негіздері» ұлттық құндылығымызды дəріптеп, жастардың бойында имандылықты, ұлттық рухты, Отаншылдықты, ерлікті, адалдықты, адамгершілікті, білім-ғылымды жəне де тілін, дінін дəріптеуге баулитынын айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.