Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттың болашағы – ұлттық тәрбиеде

0 312

Әлемдік өркениетке ілесу үшін жеке ұлт болып қалу – бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті мәселесі. Ал төл тарихымыз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтап, ұлттық тәрбиеге терең мән беру – ұлттық бірегейлікті сақтаудың қайнар көзі.

Осыған орай Тараздағы Оқушылар сарайында «Қазақстан дәуірі» халықаралық газетінің, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «ЕлАна» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының Бас редакторы Сәуле Мешітбайқызымен «Ұлттық иделогияның қайнар көзі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері мен білім беру саласының мамандары қатысты.

Басқосуға Ш.Мұртаза атындағы «Баспасөз үйі» КММ директорының орынбасары, облыстық қоғамдық Ата-аналар кеңесінің төрағасы Ринат Нұрақбаев модераторлық етіп, «Тәрбиенің қайнар көзі – ұлттық тәрбие» туралы әңгіме өрбітті.

Ең әуелі сөз алған Сәуле Мешітбайқызы қазіргі заман талабы, тіл мәселесі, ұлттық құндылықтар туралы орамды ойларын ортаға салды.

– Мен, біріншіден, бала тәрбиелеген анамын және әжемін. Қоғамдық қызметтерімді айтпағанның өзінде, халықаралық басылымды басқарамын. Ең бастысы, мен ұрпақ тәрбиелеген ұстазбын. Өздеріңіз сияқты мені де балалардың болашағы мен ертеңі қатты толғандырады. Қазір мен Қазақстанның барлық облыстарын аралап жүрмін. Бүгінгі кездесуге де қатысуымның бірден-бір себебі де осында жатыр. Мені де жас ұрпақтың жай-күйі толғандырады. Оларға қатысты орын алып жатқан келеңсіз жайттардың дені ата-аналардың немқұрайдылығынан болып жатқанын айтқым келеді. Бұл жағдайларға қоғам да кінәлі. Ең әуелі осының алдын алуымыз қажет. Бұл тұста жауапкершілік, оның ішінде, ата-ананың баласына деген жауапкершілігін арттыруымыз қажет, – дейді Сәуле Мешітбайқызы.

Одан ары кеш С. Мешітбайқызының қатысуымен өңірлік «Инабатты ару» байқауымен өз жалғасын тапты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.