Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы мәлімдеме жасады

0 323

Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлескен мәлімдеме жасады деп хабарлады “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп, теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, 28 ақпанда сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

Бұл шаралар уақытша сипатқа ие, белгісіздіктің жоғары дәрежесін және сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа көрсетілетін қысымды барынша азайту қажеттілігін көрсетеді.

Сонымен қоса, сыртқы қаржы нарықтарындағы қазіргі сәттегі аса айқындалмаған жағдайлардың өзгеруіне қарай Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп, 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін. Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақытылы жеткізілетін болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.